Үшжақты меморандум жасалды
Үшжақты меморандум жасалды
167
оқылды

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІІ бағыты  аясында жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы, «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы және «Asia Trafo» трансформаторлық зауыты арасында өзара бірлескен мемо­рандумға қол қойылды.

«Shymkent» әлеуметтік-кәсіп­кер­лік корпорациясының қол­дауы­мен өткен кездесу барысында мемлекеттік бағдарламаның тиім­ділігіне қызығушылық танытқан тараптар  жастар арасындағы тех­ни­калық мамандық иелерін  «Жас­тар» практикасы бағыты бойынша мемлекет есебінен ақылы жұмысқа және әлеуметтік жұмыс орын­дарына тартуға  келіссөз жүргізді. – Жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік саясат қазір жан-жақты мағынаға ие. Жас­тар арасындағы жұмыссыздық деңгейін азайту үшін барлық шара­ны қолға алу жоспарланып отыр. Осы орайда бүгінгі өзара келісім «Жас­тар практикасы» бағдарлама­сы арқылы жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту шараларына тар­туға бағытталған, – дейді қалалық жұ­мыспен қамту орталығының дирек­торы С.Абдуллаев. «Asia Trafo -«Alageum Electric» компаниясы – қазақстандық хол­динг құрамына кіретін трансфор­маторлық жабдық өндіретін ең ірі зауыттардың бірі. Айта кетейік, жыл басынан бері   9 мыңнан астам шымкенттік жұмысқа орналасқан. Оның ішінде 175 азамат  әлеуметтік жұмыс орындарына орналасса, «Жастар практикасы» арқылы 900-ге жуық жас түрлі мекеме мен кәсіпорынға жолданған.  

Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы