600 азамат жеке кәсібін ашты

Жетісу жерінде екі қолға бір күрек іздегендерге барлық қолдау жасалып жатыр. Түрлі мемлекеттік бағдарлама аясында жүздеген жан кәсібін бастап, табыс тауып жүр. Осын­дай қолдаулар арасында  «Ең­бек» мемлекеттік бағдар­ламасы­ның шапағаты үлкен болып тұр. Басқаны айтпа­ғанда, осы бағдар­лама­дағы «Бастау Бизнес» кәсіп­керлік негіздері бойынша жобаны әр жылдары аяқтаған 600-ге жуық аза­мат кәсібін дамыту үшін қара­жатқа қол жеткізді.

Алматы облысы кәсіпкерлер палата­сы кәсіпкерлікті қар­жылық емес қол­дау бөлімінің мәліметіне сәйкес,  «Бастау Биз­нес» жобасының бірінші ағымында 731 қатысушы білім алған. Оның ішінде 195 қатысушы жастар сана­тында болса, 425 адам  – 30 бен 49 жас аралығындағылар. Қалғаны 50 жастан жоғарылар. Білім алғандар­дың ішінде тек 33 адамның кәсіп­керлікте тәжірибесі бар, ал қалған қатысушылардың көп­шілігі жұ­мыс­­сыз­дар және өзін-өзі жұ­мыс­пен қамтығандар. 24 мамырдан бас­тап жобаның екінші легі бастал­ды. Облыс бойынша 960 адам оқуға кірісіпті. Карантин шараларына байланысты өткен жылдағыдай оқыту Atameken Academy онлайн платформасы арқылы қашықтан жүргізіледі.

«Аудандар мен қалаларда қаты­су­шы­­лармен бизнес жаттықтыру­шылар мен кеңесшілер жұмыс істейді. Жалпы, 5 лек бойынша оқы­ту ұйымдастырылып, осы жыл­дың қыркүйегіне дейін жалғасады. Айта кету керек, жыл басынан бері «Бастау Бизнес» жобасының 600-ге жуық түлегінің жобасы қаржы­ландырылды, оның ішіндегі 45 адам 2021 жылдың бірінші легінің қатысушылары», – дейді өңірлік палатаның бөлім басшысы Сәния Наурызбаева.

Кәсіпкерлер палатасында оқыту 21 күн ішінде өтіп, оның қорытындысы бойынша оқуды аяқтағаны немесе қатысқаны тура­лы сертификат беріледі. Осы сер­ти­фикат арқылы жоба түлегі 200 АЕК көлемінде өтеусіз грант неме­се 6% жеңілдікпен несие алуға үміт­кер бола алады.

Оқытуға жұмыссыздар; еңбекке қабі­лет­ті мүгедектер; жастар, оның ішінде NEET санаты; аз қамтылған және/немесе көпбалалы отбасы­лар­­дың мүше­лері; зәкірлік коопе­р­а­ция­ға қатысушы­ларды қоса алғанда, зейнет жасына жетпеген ауыл шаруашылығы коопер­атив­терінің, шаруа және фермер қожа­лықтарының мүшелері; қоныс ау­дару­­шылар мен қандастар қатыса алады.

Биыл жобамен оқу үшін қа­тысушылар жеке басын куәлан­дыратын құжаттың кө­шір­месін қоса беріп, халықты жұмыс­пен қам­ту орталықтарына өтініммен жүгінуі қажет. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жобаның ны­са­налы тобына сәйкестігіне үміт­кер мәртебесі расталған кезде оқы­туға жолдама береді. Үміткер­лер оқу үшін электронды цифрлы қолтаңба арқылы atameken.co сайтында тіркеуден өз бетінше өте алады. Мемлекеттік қызметшілер кәсіпкерлік қызметпен айналыса алмайды және курсқа қатыса ал­май­ды. Сондай-ақ бала күтімі бо­йынша демалыста жүрген әйелдер мен орта арнаулы оқу орындары мен жоғары оқу орындарының студенттері курстың тыңдаушысы бола алмайды.

Өткен жылы Алматы облы­сында «Бастау Бизнес» аясында ­3 022 қатысушы кәсіпкерлік негіз­дері бойынша оқытылды, 2 мыңнан астам жоба жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеге қаржы­лан­дырылды.

Болат АБАҒАН,
Алматы облысы

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.