Дөкей ме, жай пенде ме? Шпекбаевтың куәлігімен әкіреңдеген адам табылды
Дөкей ме, жай пенде ме? Шпекбаевтың куәлігімен әкіреңдеген адам табылды

Әлеуметтік желіде видеосы таралып жатқан "Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкеріне" қатысты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі түсініктеме берді, - деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттіктің хабарлауынша, аталған адам ешқашан Антикор қызметкері болған емес және алдағы уақытта да болмайды. Ағымдағы жылдың 2 маусымында бұл Шымкент қаласының тұрғыны, азамат Қ. екені анықталды. Қазіргі уақытта оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі (құжаттарды қолдан жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.