«СҚ-Фармацияның» басқарма төрағасы Ерхат Есқалиевтің айтуынша, ағылшын-швед вакцинасы төңірегінде теріс ақпараттың көбейіп кетуіне байланысты келіссөз тоқтатылған, - деп хабарлайды КТК арнасы.
Дегенмен Есқалиевтің сөзінше, шетелдік вакциналардың ішінде Pfizer-BioNTech, Johnson & Johnson және Moderna вакциналарының өндірушілерімен келіссөздер әлі жалғасып жатыр.«Дәрі-дәрмектің бірыңғай дистрибьюторында одан өзге ақпарат жоқ», — дейді басқарма төрағасы.Бүгінде елімізде коронавирусқа қарсы 4 түрлі вакцина қолданылып келеді;
- «Спутник V»;
- QazVac;
- Біріккен Араб Әмірліктерінде қытайлық «Синофарм» компаниясы жасаған «Hayat Vax»;
- Қытайлық CoronaVac («Синовак» өнімі). 500 мың дозалық алғашқы партиясы жақында Алматыға жеткізілген болатын.