Бахрейндегі секс-құлдық: күдікті Қазақстанға экстрадицияланды
Бахрейндегі секс-құлдық: күдікті Қазақстанға экстрадицияланды

Бахрейнде адам саудасымен айналысты деген күдікті экстрадицияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

5 маусымда Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Бахрейн Корольдігінен Зарифа Османованы экстрадициялады.
"Ол Қазақстаннан Бахрейнге қыздарды жыныстық қатынастарға түсу мақсатында пайдалану үшін жіберуді жүзеге асырған трансұлттық ұйымдасқан топты басқарған деген күдікке ілінді. Қылмыс жасалғаннан кейін Османова қылмыстық қудалау органдарынан жасырынды, сол үшін халықаралық іздеу жарияланды", — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды. Еске салайық, бұған дейін Бахрейнде 20-дан аса қазақстандық қыз сексуалдық құлдықта болғаны хабарланған еді. ІІМ мәліметінше, 39 қазақстандық Бахрейнде жыныстық құлдыққа түскен. Бұған дейін полиция өкілдері аталған құқықбұзушылықтар бойынша 133 қылмыстық істі тергеп жатқаны хабарланған болатын. 48 адам қылмыстық жауапқа тартылды, 15 адам қамауда отыр.