Жеңілмеген қазақстандық спортшыны қарсыласы ауыр нокаутқа түсірді (видео)
Жеңілмеген қазақстандық спортшыны қарсыласы ауыр нокаутқа түсірді (видео)

Қазақстандық файтер Ринат Сағынтай (9-1) Минскіде өткен Brave CF 51 аралас жекпе-жек турнирінде өнер көрсетіп, кәсіби мансабында алғаш рет жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Ол ММА бойынша Беларусь чемпионы Денис Магермен (8-0) жекпе-жекке шықты. Ешқашан жеңілмеген Магердің бұл кездесуде күші басым болды. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек үш раундқа созылуға тиіс еді, бірақ біріншіде аяқталды. Магер Сағынтайды ауыр нокаутқа жіберді.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от BRAVE Combat Federation (@bravemmaf)

Осылайша, Ринат Сағынтай ММА-дегі кәсіби мансабында алғаш рет жеңілді. 25 жастағы қазақстандық 2016 жылдан бастап жекпе-жекке шыға бастаған еді. Әрі бұл оның Brave CF промоушнындағы алғашқы кездесуі болды. Ал Денис Магер сегізінші жекпе-жегінде жеңіске жетіп, ешқашан жеңілмеген деген атағын сақтап қалды.