Тоқаев: Қазақстан табиғатты қорғауға баса мән береді
Тоқаев: Қазақстан табиғатты қорғауға баса мән береді
135
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Қазақстан табиғатты қорғауға баса мән беретінін мәлімдеді.
«Бүгін — Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Біріккен Ұлттар Ұйымы алдағы он жылды экология жүйесін қалпына келтіруге арнамақ. Қазақстан табиғатты қорғауға баса мән береді. Біз «жасыл бастамаларды» жүзеге асырып, нақты нәтижелерге қол жеткіземіз деп сенемін», — деп жазды Президент Twitter парақшасында.
Еске салсақ, Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1972 жылы бекітілген.