Түркия-Қазақстан бауырластық аллеясы ашылды
Түркия-Қазақстан бауырластық аллеясы ашылды
223
оқылды

Түркия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай, ел ордасы Нұр-Сұлтанның ең беделді саябағы саналатын Президенттік саябақта “Түркия-Қазақстан бауырластық аллеясы” ашылды, — деп хабарлайды "Айқын" басылымы. 

Есіл өзенінің жағалауында ашылған және ҚР Президенті резиденциясы — Ақордаға қарама-қарсы орналасқан аллеяға екі бауырлас елдің әр жылын бейнелейтін 30 түп ағаш отырғызылды. Түркия елшісі Уфук Экиджи мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкеннің қатысуымен өткен ашылу салтанатына Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Әзербайжан елшісі Рашад Мамедов, ҚР СІМ департамент директоры Оңталап Оңалбаев және Нұр-Сұлтандағы түрік қауымдастығы өкілдері қатысты. аллеяСондай-ақ, аллеяның ашылуы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді. Өздеріңіз білетіндей, 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігін алғаш мойындаған ел Түркия болды. аллея Екі бауырлас ел арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 2 наурызда орнатылды.