Түркия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай, ел ордасы Нұр-Сұлтанның ең беделді саябағы саналатын Президенттік саябақта “Түркия-Қазақстан бауырластық аллеясы” ашылды, — деп хабарлайды "Айқын" басылымы.
Есіл өзенінің жағалауында ашылған және ҚР Президенті резиденциясы — Ақордаға қарама-қарсы орналасқан аллеяға екі бауырлас елдің әр жылын бейнелейтін 30 түп ағаш отырғызылды. Түркия елшісі Уфук Экиджи мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкеннің қатысуымен өткен ашылу салтанатына Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Әзербайжан елшісі Рашад Мамедов, ҚР СІМ департамент директоры Оңталап Оңалбаев және Нұр-Сұлтандағы түрік қауымдастығы өкілдері қатысты.