Атырау облысында жұмысшылар тамақтан уланып қалды
Атырау облысында жұмысшылар тамақтан уланып қалды
Атырауда газ-химия кешенін салып жатырған «Bazis Construction» ЖШС-нің 23 жұмысшысы тамақтан уланып, ауруханаға жеткізілді, - деп жазады “Экспресс-К”. Олар №2 облыстық инфекциялық ауруханасына жатқызылған.
"Сағат 19:45 шамасында бірден 21 адам ауруханаға жеткізілді. Олардан кейін тағы 2 жұмысшыны мекеме көлігі алып келді. Бәрінің басы ауырып, іші өтіп, құсқан. Сондай-ақ әлсіздік байқалды. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді",– дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Дәрігерлер науқастарға "тамақ токсикоинфекциясы" диагнозын қойды. Алдын-ала тексеру нәтижесі бойынша, мекеме асханасында санитарлық талаптар сақталмаған. Асхана уақытша жабылып, компанияның өзге 300-ден астам жұмысшысы дәрігерлердің бақылауына алынған.