Петропавлда жүк көлігі тұрақта тұрған екі көлікті соғып кетті
Петропавлда жүк көлігі тұрақта тұрған екі көлікті соғып кетті
Петропавлда су тасушы көліктің жүргізушісі тұрақта тұрған жеңіл автомобильді соғып, соққы әсерінен жеңіл автокөлік тұрақтың қабырғасын бұзып өткен. СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі арнайы техника жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетпеуге тырысқанын, сондықтан көлік тұрағына қарай кілт бұрылғанын айтты. Салдарынан екі автокөлікке зиян келтірілген.
"2021 жылғы 5 маусымда "ЗИЛ 431410" маркалы көлік құралының 56 жастағы жүргізушісі көлігін артқа қарай жүргізу маневрінің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, рөлді басқара алмай "Қызылжар Су" АҚ тұрағында тұрған көліктермен соқтығысты. Салдарынан екі автокөлік зақымдалды - Volkswagen Golf және Ravon. Зардап шеккендер жоқ, жүргізуші мас болмаған", – деді Петропавл полиция басқармасы өкілдері.
https://www.youtube.com/watch?v=2TNQBBkcsmc