Алматыда жүк көлігі самокат теуіп жүрген қыз баланы қағып кетті
Алматыда жүк көлігі самокат теуіп жүрген қыз баланы қағып кетті
102
оқылды
Алматы қаласында самокат теуіп жүрген қыз бала жүк көлігінің астына түсіп мерт болды. Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінде бұл оқиғаның 4 маусым күні Алатау ауданының Ақсу көшесінде болғанын мәлімдеді.
«Аталған факт сот алды тергеудің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 345-бабының 3-бөлімі (Абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік ережелерін бұзу) бойынша тіркелді. Алматы қаласы полиция департаменті тергеу басқармасының қызметкерлері оқиғаны тергеуге кірісті. Тиісті сараптамалар жасалады», – деп атап өтті полиция департаментінен.
Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалған.