Алматы қаласында самокат теуіп жүрген қыз бала жүк көлігінің астына түсіп мерт болды. Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінде бұл оқиғаның 4 маусым күні Алатау ауданының Ақсу көшесінде болғанын мәлімдеді.
«Аталған факт сот алды тергеудің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 345-бабының 3-бөлімі (Абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік ережелерін бұзу) бойынша тіркелді. Алматы қаласы полиция департаменті тергеу басқармасының қызметкерлері оқиғаны тергеуге кірісті. Тиісті сараптамалар жасалады», – деп атап өтті полиция департаментінен.Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалған.