БҚО-да алаяқ 23 адамды алдап кетті
БҚО-да алаяқ 23 адамды алдап кетті
БҚО-да алаяқ әйел үй алып беремін деп, 23 адамды алдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алаяқ әйел 2020 жылдан бері үй алып беремін деген желеумен Орал, Алматы, Атырау қалаларының тұрғындарын алдап келген. Ол жалғыз емес, қасында сыбайласы болған. 23 адамды алдаған әйелдің келтірілген залал мөлшері 15 миллион теңгеден астам. Оның тағы қанша адамды алдағаны тергеу барысында анықталатын болады. Алаяқтың басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Қазіргі таңда ҚР ҚК 190-бабына (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.