Оралда тұрғын үйден өрт шығып, 40 адам эвакуацияланды
Оралда тұрғын үйден өрт шығып, 40 адам эвакуацияланды
5,094
оқылды
Оралда көпқабатты үйде өрт шығып, 40-қа жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 5 маусым күні сағат 03.49-да Ружейников көшесі, 9-мекенжайда орналасқан бес қабатты үйде болған. ТЖ департаментінің күшімен 5 адам құтқарылды. Оған қоса, 39 адам эвакуацияланса, соның 19-ы – бала. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. https://www.youtube.com/watch?v=GE62r7Vs9Ck Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталып жатыр.