Қайырымды жандардың арқасында: Эмирге миллиард теңгенің дәрісі салынды
Қайырымды жандардың арқасында: Эмирге миллиард теңгенің дәрісі салынды
127
оқылды

Кішкене Эмирге құны миллиард теңге тұратын дәрі егілді. Бұл туралы оның әке-шешесі әлеуметтік желіде жазды.

«Ұзақ күттік, есесіне Эмирге дәрі егілді. Ол - Қазақстандағы Zolgensma терапиясынан өткен бірінші бала. Бізге қолдау көрсетіп, барынша көмектескен адамдарға алғысымыз шексіз. Қуаныштан не айтарымызды білмей отырмыз. Барлық баланың аман-есен емін алуына тілектеспіз", – деп жазды Эмирдің ата-анасы.
Осы уақытқа дейін Эмирдің еміне ақша қажет екені айтылған еді. Оған жұлын бұлшықетінің атрофиясы диагнозы қойылған. Емдеу үшін ол 2 жасқа келгенше "Золгенсма" дәрісін салып отыру қажет. Ал ол 2 миллиард тұрады. Наурызда қайырымды жандар оның еміне ақша аударды.