Қарағандыда жеңіл көлік мотоциклді жаншып өтті: бір бала көз жұмды
Қарағандыда жеңіл көлік мотоциклді жаншып өтті: бір бала көз жұмды
143
оқылды

"Восход" мотоциклі жеңіл көлікпен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоциклде отырған 11 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

14 жасар жүргізуші түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Қарағанды ​​облысының полиция бөлімінің баспасөз қызметі. Қайғылы оқиға Жезқазған - Қарағанды тас жолында болды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағына (Абайсызда адамның өлiмiне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Оқи отырыңыз: Ойнап жүрген: Алматыда төрт жасар бала шұғыл ауруханаға жеткізілді Полиция өкілдері қазіргі уақытта скутер, мопед және мотоцикл кәмелет жасқа толмағандар арасында ерекше танымал көлік құралының бірі екенін атап өтті. Алайда олар аталған көлікті жүргізгенде салдары туралы ойламайды.
"Олардың қауіпсіздігі туралы ата-аналары да ойламайды. Балалардың жасына және көлікті жүргізу тәжірибесіне мән бермейді. Балаңызға заманауи көлік құралын сатып алғыңыз келген жағдайда оның 16 жасқа толғанын күтіңіз. Ең бастысы, балаңыздың жүргізу тәжірибесі мен жүргізуші куәлігі болуы қажет", - деді облыстық Полиция департаментінің басшысы Ерлан Файзуллин. Ол, сондай-ақ, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, көліктегі қажетті жабдықтардың болуын қадағалауды атап өтті.