Алматыда құрылысшылар төбелесі адам өлімімен аяқталды
Алматыда құрылысшылар төбелесі адам өлімімен аяқталды

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде мас құрылысшы әріптесіне бірнеше рет пышақ сұққан. Төбелестің салдарынан ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиға 2021 жылы 5 маусымда сағат 20.20 шамасында болғанын хабарлады.
"Медеу ауданының Полиция басқармасына Құлжа трактінің бойындағы тұрғын үй кешенінің пәтерлерінің бірінде жалдамалы жұмысшылар арасындағы төбелес салдарынан ер адам есінен танғаны туралы хабарлама түсті. Полиция қызметкерлері 1984 жылы туған азамат Х. Вася есімді әріптесімен бірге жоғарыда айтылған мекен-жайда құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқанын анықтады. Сол күні ер адамдар алкогольдік ішімдіктер ішкен. Ішімдік ішу кезінде олардың арасында жанжал туып, ол төбелеске ұласқан. Төбелес кезінде азамат Х. әріптесіне бірнеше рет жарақат салған, қаза тапқан адамның кім екені анықталып жатыр", — деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Дәурен Өтебаев.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылғаны атап өтілді. Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеу басталды.