Лондонда 35 метр биіктікте бассейн ашылды (видео)

Лондонда 35 метр биіктікте бассейн ашылды (видео)

Лондонның оңтүстік-батысында әуеде қалықтап тұрған бассейн — Sky Pool пайда болды. Екі тұрғын үй ортасында орналасқан бассейннің тереңдігі — 3 метр, ал ұзындығы — 25 метр, деп хабарлайды Greenqazaqstan.

Көпшілікті қызықтырған бассейнге Embassy Gardens элиталық тұрғын үй кешенінің тұрғындары мен олардың қонақтары ғана бара алады. Аспанмен таласқан ғимараттар Темзаның оңтүстік жағалауында орналасқан.
Сурет: buro247.ua
«Бүйірден сәл ортаға қарай жылжысаңыз, төменде не болып жатқанның барлығын көруге болады. Құдды әуеде қалықтап жүргендей күй кешесіз», — деді жобаны әзірлеуге қатысқан инженерлік компанияның директоры Брайан Экерсли.
Бассейнді толтыру үшін 375 тонна су қажет. Аумағы 14 метрді құрайды. Дизайн барлық мүмкін берік сынақтан өтті. Бассейн Колорадо штатында Arup Associates сызбаларына сәйкес жасалды. Оның сәулетшілері мен дизайнерлері бұған дейін Сидней опера театрының жобасын жасаған болатын.
Сурет: buro247.ua
Еске салсақ, бұған дейін Польшада әлемдегі ең терең бассейн ашылды. Оның тереңдігі 45,7 метрді құрайды. Ал көлемі — 8 мың шаршы метр.