Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
"Қазгидромет" РМК бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады. Жамбыл облысының кей жерінде найзағай ойнайды, жел 23-28 м/с-ке дейін күшейеді. Түркістан облысының кей жерінде найзағай ойнап, дауыл, шаңды дауыл тұрады, жел екпіні 25 м/с-ке дейін жетеді. Қызылорда облысының кей жерінде күндіз найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады, кей жерде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Маңғыстау, күндіз Қарағанды облысының кей жерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, Маңғыстау облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін. Алматы, Қостанай облыстарында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде және таңертең кей жерде тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай ойнайды, бұршақ жаууы ықтимал. Атырау, күндіз Ақмола облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Күндіз Жамбыл, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Алматы облысының кей жерінде қатты ыстық болады деп болжанып отыр. Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Атырау, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.