Алматылық жігіт тойда оқ атып, көпшіліктің зәресін алды
Алматылық жігіт тойда оқ атып, көпшіліктің зәресін алды

Алматыда тойда тілек айтуға шығып, оқ атқан жігітке қатысты полиция мәлімдеме жасады.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, елдің зәресін ұшырған азамат дыбысты-жарықты тапанша қолданған.
«Тапаншамен аспанға оқ атқан 26 жастағы азамат анықталды. Ол - Алматы қаласының тұрғыны. Ол тілек айтуға шығып, дыбысты-жарықты тапаншамен жоғары жаққа қарай атқан. Қазір әкімшілік кодекстің 436-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалып, сараптама тағайындалып, тапанша тәркіленді. Той иесі мен мейрамхана қожайынына қатысты да тексеру жүріп жатыр», – деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
https://www.youtube.com/watch?v=V6kF-Qe3pLs