Алматыда тойда тілек айтуға шығып, оқ атқан жігітке қатысты полиция мәлімдеме жасады.
Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, елдің зәресін ұшырған азамат дыбысты-жарықты тапанша қолданған.«Тапаншамен аспанға оқ атқан 26 жастағы азамат анықталды. Ол - Алматы қаласының тұрғыны. Ол тілек айтуға шығып, дыбысты-жарықты тапаншамен жоғары жаққа қарай атқан. Қазір әкімшілік кодекстің 436-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалып, сараптама тағайындалып, тапанша тәркіленді. Той иесі мен мейрамхана қожайынына қатысты да тексеру жүріп жатыр», – деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.https://www.youtube.com/watch?v=V6kF-Qe3pLs