Жас теннисші Түркияда өткен турнирде жеңімпаз атанды
Жас теннисші Түркияда өткен турнирде жеңімпаз атанды
Қазақстандық Әмір Омарханов Түркияда жасөспірімдер арасындағы Tennis Europe14&U Ahmet Erguden Cup турнирінде жеңімпаз атанды. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Қарағанды теннис мектебінің түлегі финалда түркиялық, осы доданың 2-ракеткасы Хейдар Гокпинармен күш сынасты. Теннисшіміз 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Енді ол тағы бір қазақстандық Владимир Киммен бірге жұптық сында турнирдің 1-ракеткалары, ресейлік Максим Власов – түркиялық Керим Йелмазбен финалда бас жүлдені сарапқа салады. Дәл осы додада Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирлерінің 23 мәрте чемпионы, америкалық Серена Уильямспен ширек финалға шығу үшін таласады.