Ғұсман Қырғызбаев әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Ғұсман Қырғызбаев әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
5,120
оқылды
Будапештте әлем чемпионатының финалдық кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнінде бір күміс медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Olympic.kz. Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ғұсман Қырғызбаев әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ол финалда ресейлік Яго Абуладзеден иппон ұпайымен есе жіберді. Бүгін татамиге шыққан тағы бір балуанымыз Мағжан Шамшадин жарысты 5-ші орынмен аяқтады. Кіші финалда ол әзербайжандық Карамат Хусейновтан ұтылды. Әйелдер арасында 48 кг салмақта Отгонцэцэг Галбадрах пен Әбиба Әбужақынова жүлдеден тыс қалды.