Қарағандыда қаржы пирамидасы 280 адамды алдап кеткен
Қарағандыда қаржы пирамидасы 280 адамды алдап кеткен
114
оқылды
Қарағандыда 280 адам қаржы пирамидасына алданған. "Лидер Капитал 168" атты ұйым  "өсіммен қайтарамыз" деп жұрттан қомақты қаржы жинап алған, - деп хабарлады Аstana телеарнасы. Жалпы келтірілген шығын көлемі 80 миллион теңгеден асады. Алаяқ фирманың әрекетін Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті әшкерелеген. Ұйымдастырушы әйел қаржылық ұйымды былтыр ашып, бизнесін жеке пәтерде жүргізген.
"Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті  "Лидер Капитал 168" атты қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Ұйымнан зардап шеккен азаматтардан тез арада хабарласуын сұраймыз. Аталған дерек бойынша ҚК-нің 217-бабы 1-бөлігі, яғни қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету бабымен сотқа дейінгі тергеу    басталды", – деді Қарағанды облысы бойынша ЭТД 2-тергеу басқармасының аға тергеушісі Дана Байдүйсенова.