Қазақстандық теннисші "Үлкен дулыға" турнирінің 23 дүркін чемпионы Серена Уильямсты жеңді
Қазақстандық теннисші "Үлкен дулыға" турнирінің 23 дүркін чемпионы Серена Уильямсты жеңді
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінде Серена Уильямсты жеңіп, ширек финалға өтті. Рейтингте 22-орын иемденіп тұрған Рыбакина төртінші айналымда америкалық Серена Уильямсты 6:3, 7:5 есебімен жеңді. Рыбакина 4 эйс жасап, жеті брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды. Осылайша қазақстандық теннисші өз спорттық жолында алғаш рет Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына өтті. Е.Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 32-ракеткасы, ресейлік Анастасия Павлюченковамен таласады.