Израильде 12 жастан асқан балаларға да екпе салып жатыр
Израильде 12 жастан асқан балаларға да екпе салып жатыр

Бұған дейін Израильде 16-ға толған жеткіншектер вакцина қабылдаған, – деп жазады 24.kz.

Жалпы, Израильде халықтың жартысынан көбі, яғни, 55%-і вакцина алған. Сондықтан елде коронавирусқа шалдыққандар саны азайған. Қытайда да жасы 3-тен асқан балаларға коронавирусқа қарсы екпе қабылдауға рұқсат берілді. Жыл соңына дейін халықтың 80%-ін екпемен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Бұған дейін Қазақстанда екпе салдырған соң қайтыс болғандар туралы жазған болатынбыз.