Шымкенттегі дауыл: көпқабатты үйлердің шатыры ұшты – видео
Шымкенттегі дауыл: көпқабатты үйлердің шатыры ұшты – видео
184
оқылды

Ағаш құлап, көліктерге де зақым келді. Бұл туралы Шымкент қалалық әкімдігі хабарлады.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, Шымкентте 6 маусым күні сағат 18.25-18.36 аралығында желдің жылдамдығы 15-28 м/с-ке жетті. Дауыл салдарынан бірнеше көпқабатты тұрғын үйдің шатыры ұшты.

«Байтұрсынов көшесіндегі 5 қабатты үйдің шатырының 40 шаршы метрі ұшып, Қонаев даңғылындағы үйдің ауласында тұрған Тoyota Corolla маркалы автокөлігін басып қалды», – дейді құтқарушылар.

Сондай-ақ «Солтүстік» ықшамаудандағы 52-үйдің шатыры да желге ұшқан. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметінің 2 техникасы мен 8 қызметкері апаттан келген зардапты жойып жатыр.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Открывай Шымкент (@open.shymkent)

Дауылдан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.