Министр Аида Балаеваның айтуынша, Қазақстанда фейктерді анықтайтын сайт бар. Қазіргі уақытта ресми орган 1 300 фейкті әшкереледі. Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға берген сұхбатында айтты.
Жастардың 60%-і жаңалықты әлеуметтік желіден оқиды.«Бүгінде көп ведомстволар мен басшылардың, тіпті Президенттің де әлеуметтік желіде парақшалары бар. Бұл азаматтардың анонимді пабликтер мен күмәнді дереккөздер жетегінде кетпей, жаңалықтарды ресми түрде құзырлы мекемелерден тікелей оқып-біледі. Бұл мәселеде бірінші басшылар қарапайым халық үшін қолжетімді болуы және өз тәжірибелері арқылы жаңа ұрпақты саяси истеблишментке үйретудің маңызы зор деп ойлаймын», – деді Аида Балаева.