Маңғыстау облысында ҚАЖД ГМ-172/6 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандарға енді жоғары білім алуға да мүмкіндік бар. Жазасын өтеп жатқандар Қазақстанның логистика және көлік академиясында қашықтан оқитын болады.
Олар ЖОО-ға оқуға түсу үшін түлектер сияқты барлық талапты орындауы тиіс. Оқу ақылы, жылына – 400 мың теңге.«Қазіргі уақытта жазасын өтеп жатқан 12 адам ЖОО-ға түсу емтиханына дайындалып жатыр. Қабылдау комиссиясы жаздың соңында оларды қарауға кіріседі. Оқыту негізінен көліктік техника мамандықтар бойынша жүргізіледі», – деді Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД өкілі.
Бұған дейін абақтыда құс өсіріп, кәсіп ашқандар туралы жазған болатынбыз.