Енді саябақтар мен базарларға маскамен ғана кіргізеді
Енді саябақтар мен базарларға маскамен ғана кіргізеді
97
оқылды

Алматылықтар саябақтар мен базарларға маскамен ғана кіргізілетін болады. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында Жандарбек Бекшин мәлім етті.

«Коронавирус инфекциясының таралуын одан әрі тоқтату жөніндегі штаб халық жаппай баратын орындарға, атап айтар болсақ: саябақтар мен базарларға, сауда орталықтарына азаматтарды тек маскамен кіргізу туралы шешім қабылдады», - деді Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, коронавирус инфекцияның алдын алу бойынша үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады. «Профилактикалық шаралар туралы баннерлер жаңартылады: әлеуметтік арақашықтықты сақтау, маска тағу», - деді ол.