Қытайда үш жастан асқан балаларға «Синовак» вакцинасы егіледі. Бұл туралы компания басшылығы мәлімдеді.
Егер Қытайдың денсаулық сақтау істері бойынша мемлекеттік комитеті бұл шараны қолдаса, ол - әлем бойынша 3-тен асқан балаларға егілетін алғашқы вакцина болмақ.Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, жыл басынан өткен клиникалық сынаққа бірнеше жүз бала қатысқан. Оның барысында препарат ересектердегідей тиімділік көрсетті. Алайда мемлекеттік комитеттің сарапшылары балаларға вакцинаны салу жөніндегі шешімді елдегі эпидемиологиялық ахуалға қарап қабылдайды.