Жамбылда шенеуніктерге заңсыз аң атқызған қорықшылар қызметінен қуылды
Жамбылда шенеуніктерге заңсыз аң атқызған қорықшылар қызметінен қуылды
119
оқылды

Жамбыл облысында шенеуніктерге заңсыз аң атқызған қорықшылар қызметінен қуылды. Бұл жайында «Лашын» жедел қызметінің директоры  Абай Кенжебеков әкімдікте өткен жиында  баян етті.

Оның сөзіне сүйенсек, Қызыл кітапқа енген және қорық аумағынан аң-құс атқан броконьерлердің бірқатары ұсталып, үстінен қылмыстық іс қозғалса, өзгелері айыппұл төлеген екен. Алайда әлі күнге оларға бағынбай қызметтік куәлігін көрсетіп, қорқытатын шенеуніктер көп  көрінеді. Сондай-ақ, шенділердің айтқанына бас ұрып  қорық аумағында аң атқызған бірнеше орманшы-қорықшы қызметімен қош айтысқан.

  - Лашын»  тобын біз не үшін құрдық?! Заңсыздықтың жолын кесу үшін. Кейбір шенеуніктер сіздің қызметкерлермен келісіп, түнде аң аулайды екен. Біз солардың жолын кесуіміз тиіс. Қандай адам болса да, бұл топ тікелей менімен жұмыс істейді. Біз табиғат байлығын ұрпағымызға жеткізу үшін, оны қорғай да білуіміз керек, - деп ашуға мінген  облыс әкімі Бердібек Сапарбаев алдағы уақытта заңсыз аң аулағандар мен оларға көмектескендердің атын бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетіп, тек айыппұл салып қоймай, тиісті органдардан шара қолдануды тапсырды.

Саятхан Сатылған,

Жамбыл облысы