Белгісіз біреулер қазақстандық боксшыны жекпе-жек алдында пышақтап кеткен
Белгісіз біреулер қазақстандық боксшыны жекпе-жек алдында пышақтап кеткен
213
оқылды
Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов (8-1-1, 7 КО) пен Михаил Коханчик (2-0, 2 КО) арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы. Бұл кездесу 10 шілде күні Алматыда өтуі керек болатын. Бірақ Михаил Коханчикті белгісіз біреулер пышақтап кеткен. Ол қазір жансақтау бөлімінде екен.
"Бұл жекпе-жектің өтпейтінін хабарлағым келіп отыр. Маған Михаил Коханчикті пышақтап кеткені туралы хабар келді. Қазір ол жансақтау бөлімінде. Тез жазылып кетуіне тілектеспін", – деп жазды Дәурен Елеусінов әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Дәурен Елеусінов Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің туған ағасы.