Шымкентте "Газель" көлігі жанып кетті
Шымкентте "Газель" көлігі жанып кетті
225
оқылды
Шымкентте шина зауыты ауданындағы Қапал батыр көшесінде жылдамдықпен келе жатқан "Газель" көлігі көшенің жарықтандыру бағанына соғылды, деп хабарлады аймақтық Otyrar басылымы. Соққыдан көлік өртеніп кетті. Салонда екі жолаушы болған. Апат куәгерлері көмекке келді. Олар өрттен 39 жастағы әйел мен 18 жастағы жігітті алып шықты. Зардап шеккендер облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Әйел жабық бас сүйек-ми зақымын алған. Жас жігіт болса көп қан жоғалтып, ашық бас сүйек-ми зақымын алған. Өрт салдарынан Газель толығымен жанып кетті.