Алматыда ас беруге рұқсат етілді
Алматыда ас беруге рұқсат етілді
127
оқылды

Алматының «сары ай­­маққа» енуіне байланысты бүгіннен бастап қаладағы сау­­налар, курорттық орта­лық­тар, базарлар мен сауда орталықтары жұмыс істеуге мүмкіндік алды.

Нақты айтқанда, кеше өткен онлайн брифингте Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға енгізілген өзгерістерді атап өтті. – Біз объектілерді Ashyq қо­сымшасына қатыспайтын және Ashyq қосымшасына қатысатын нысандар деп екі блокқа бөлдік. Айталық, қоғамдық тамақтану орындары сағат 00.00-ге дейін жұмыс істей алады, бірақ орындар саны 60-қа дейін болу керек. Сонымен қатар ас беруге рұқсат еті­ліп жатыр, бірақ шақырылған адамдар саны 50-ден аспауы шарт. «Қызыл аймақта» болған кезде боулинг орталықтарына келушілер саны 30 пайыздан аспайтын кө­лемде жұмыс істеді, ал қазір бұл көлем 50 пайыздан аспауы тиіс. Яғни, бильярдпен бірдей. Театр­­лар, кинотеатрлар адам қабылдау көле­мінің 40 пайызы деңгейінде жұмыс істей алады, бұрын ол 30 пайызды құрады, – деді Жан­­­дарбек Бекшин. Сондай-ақ ол кезекші топ­тарда енді 25 баладан оқи ала­тынын (алдында 15 бала болған) жеткізді. Кеңсе қызметкерлерінің 50 пайы­зына оффлайнда жұмыс істеуге рұқсат. Ал жабық және ашық ба­зарлар ешқандай шек­теусіз (ал­дында олардың жұмы­сына сенбі, жексенбі күндері тыйым салынған) жұмыс істей алады. Бұдан былай Ashyq жоба­сына қатысатын сауна­лар, курорт­тар, спорт кешендері, фитнес орта­­­лықтар, йога орта­лық­тары да шек­­теусіз жұмыс істе­мек. Жаңа қаулы 8 маусымда кү­шіне енеді.

Ерік ЕЛЕУСІЗ