Тимофей Алматы турнирін жеңіспен бастады
Тимофей Алматы турнирін жеңіспен бастады
114
оқылды

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Алматы челленджер турнирін жеңіспен бастады.

Дүниежүзілік рейтингте 399-орында тұрған Т.Скатов алғаш­қы айналымда осы жарыстың 2019 жылғы жеңімпазы, әлемнің 178-інші, турнирдің 5-ракеткасы, италия­лық Лоренцо Джустиномен кездесті. Бірінші партияда 20 жас­тағы қазақстандық теннисші қар­сыласын 6:4 есебімен жеңді. Екінші партияда италиялық спортшы есе қайырды. Есеп – 6:3. Шешуші үшінші сетте Скатов 4:0 есебімен алға шығып, есеп айыр­масын еселей білді. Кездесу соңы­на дейін отандасымыз осы басым­дылығын оңтайлы пайдаланды. Қорытынды есеп – 6:2. Тартысты бәсеке 2 сағат 54 минутқа созылды. Енді Тимофей Скатов ширек финалға шығу үшін әлемнің 292-ракеткасы, тағы бір италиялық Риккардо Бонадио не­месе рейтингте 385-сатыдағы отан­дасы Денис Евсеевтің біреуімен шеберлік байқасады. Айта кетейік, Алматы челленд­жер турнирі 13 маусымда аяқтала­ды.

Әбілмансұр ЖАСАН