Шпилевский «Эрцгебирге» клубын жаттықтырады
Шпилевский «Эрцгебирге» клубын жаттықтырады

Алматылық «Қайрат» футбол клубының бапкерлік қыз­метінен кеткен Алексей Шпилевский германиялық «Эрцгебирге» футбол клубын жаттықтыратын болды. Бұл туралы неміс клубының баспасөз қызметі ресми мәлімдеді.

«Эрцгебирге» – екінші неміс Бундеслигаcында бақ сынайтын клуб. Алексей Шпилевскиймен аталған клуб арасындағы келісімшарт 2024 жылдың маусымына дейін жасалды. «Эрцгебирге» футбол клубының президенті Хельге Леонхардт беларусь маманының жас болғанына қарамастан үлкен тәжірибеге ие екенін атап өтті. Бұған дейін «Қайрат-Жастар» командасын жаттықтырған қазақстандық маман Кирилл Кекер уақытша клубтың бас бапкерінің міндетін атқарушы болып тағайындалды. Ал «Қайрат-Жастар» командасын академия жаттықтырушыларының бірі Кирилл Морунов жаттықтырады.  

А.ЖАСАНҰЛЫ