Жансая Әбдімәлік Әлем чемпионатына қатысады
Жансая Әбдімәлік Әлем чемпионатына қатысады
163
оқылды

Қазақстандық шахматшы, Әйелдер мен ерлер арасын­дағы халық­ара­лық гроссмейстер Жансая Әбді­мәлік Ресейде өтетін Әлем чемпионатына қаты­сады.

Бұл туралы шахматшының өзі орталық коммуникациялар қыз­метінде өткен брифингте тілге тиек етті. – Әрине, мен өте қатты қуан­дым. Өйткені бұл жетістікке ұзақ дайындалған едік. Ерлер арасын­дағы гроссмейстерлік нормамды соңғы рет 2018 жылы орындаған бола­тынмын. Пандемия бастал­ғаннан кейін көп уақыт бойы ой­нау­дың сәті түспеді. Осындай чем­пионатқа барып, әлемнің 11 шах­матшы қызымен ойнай оты­рып, сәтті өнер көрсетудің әсері бөлек, – деді Жансая Әбдімәлік. Ол сөз арасында Ресейде но­каут-жүйе бойынша өтетін тур­нирге қатысатынын жеткізді. – Келесі турнирге келсек, но­каут-жүйе бойынша өтетін Әлем чемпионатына қатысуды жос­парлап отырмын. Ол турнир шілде айында Ресейдің Сочи қаласында өтеді, – деді гроссмейстер.

А.ЖАСАН