Jas Otan: Қостанай облысында жастардың проблемасын шешу үшін 41 іс-шара өтеді
Jas Otan: Қостанай облысында жастардың проблемасын шешу үшін 41 іс-шара өтеді

Nur Otan партиясы Қостанай облыстық филиалының төрағасы Архимед Мұхамбетовтың төрағалығымен партияның осы өңірдегі филиалы Саяси кеңесі бюросының отырысы өтті. Мәжілісте Jas Otan Жастар қанатының «Жастар – Отанға!» бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол картасы» бекітілді.

Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов «Жастар – Отанға!» бағдарламасының Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылдың 21 тамызында өткен Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес әзірленгенін атап өтті. «Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастар мәселесін дер кезінде шешу мен қолдаудың маңыздылығын атап, оларға әрдайым ерекше көңіл бөліп келеді. Nur Otan партиясының жастар қанаты – Jas Otan 20 жылдық тарихы бар, еліміздегі барлық санаттағы азаматтардың мүддесін білдіретін ең ірі жастар ұйымы ретінде жас қазақстандықтардың жан-жақты дамуы мен өзін-өзі қалыптастыруы үшін жағдай жасауды өзінің негізгі мақсаты етіп келеді», – деді облыс әкімі. Осы орайда, Nur Otan партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бибігүл Аққожина аталған Жол картасының жастар саясатына тың серпін береріне сенім білдірді. Оның айтуынша, бағдарлама жас қазақстандықтарды ел дамуының ортақ мақсаты төңірегінде біріктіруге және жастардың өзін-өзі дамытуы үшін жан-жақты қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарлама әртүрлі санаттағы жастардың мүддесін қамтиды және әлеуметтік зерттеулер мен сауалнамалардың нәтижелеріне сүйенеді. Жастардың әртүрлі топтарымен 50-ден астам кездесу өткізіліп, нәтижесінде 100-ден астам нақты ұсыныстар сараланып алынған. Облыстық Жол картасы 26 көрсеткішпен 41 іс-шарадан тұрады.