Емтиханда кварц астында отырған төрт оқушының көзіне зиян келген
Емтиханда кварц астында отырған төрт оқушының көзіне зиян келген
182
оқылды

Оқиға Назарбаев зияткерлік мектебіне үміткерлердің емтихан тапсырған кезде болған.

Сыныпты кварцтауға арналған ультракүлгін шам қосулы күйінде қалған.

«Кварц астында отырғаннан кейін денсаулығына шағымданған оқушылар №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. 2004 жылғы 3 бала және 2005 жылғы бір баланы ауруханада дәрігерлер тексерді. Барлығының жеңіл деңгейде көз алмасы зақымданған. Мамандар 4 баланы да тексергеннен кейін амбулаторлық ем алу үшін үйіне жіберді», – деді Нұр-Сұлтан Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі.