Кеше Nur Otan партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен партия филиалының Саяси кеңесі Бюросы отырысы өтті. Онлайн ұйымдастырылған отырыста облыс бойынша «Жастар – Отанға!» бағдарламасын іске асырудың «Жол картасы» бекітілді.
«Жастар – Отанға!» бағдарламасы алдағы 5 жылға бағытталып, жас қазақстандықтарды ел дамуының ортақ мақсаты төңірегінде біріктіруге және жастардың өзін-өзі дамытуы үшін жан-жақты қолдауды қамтамасыз ету негізінде Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес дайындалған болатын.Осыған орай, Жол картасы бірауыздан бекітіліп, оны белсенді жүзеге асыру жөнінде тапсырмалар берілді.