ШҚО-да “гашишті” жеткізу арнасын реттемек болған үш ағайынды полицейлердің қолына түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Шығыс Қазақстан облысының полицейлері есірткі заттары заңсыз айналымының жолын кесу бойынша кезекті арнайы операция жүргізді. Бұл жолы құқық қорғау органдарының назарына 35 пен 40 жас аралығындағы үш ағайындыдан тұратын қылмыстық топ ілікті. Өскемен қаласында тұрақты тұрып, олар отбасымен есірткі бизнесімен айналысқан. Ағайындылардың кенжесі осы заттың аса ірі партиясын облыс орталығына әкелудің жолын тапқан. Алайда полицейлер олардың жоспарларын жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді. 27 мамырда өткізілген арнайы іс-шаралардың нәтижесінде аталған қылмыстық топтың барлық мүшесі ұсталды. Олардың әрқайсысынан есірткі тәркіленіп алынды.
– Тінту барысында тәркіленген “гашиш” есірткі затының жалпы салмағы 10 килограмды құрады, бұл екі мың рет қолданатын дозаға тең. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, аталған қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, - дейді Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев.Ұсталғандардың айтуынша, есірткі Өскеменге еліміздің оңтүстік өңірлерінен әкелінген. Қазір барлық мән-жайлар анықталуда, оларға тиісті құқықтық баға берілетін болады. https://www.youtube.com/watch?v=iL6YvnhQoKg&t=67s