Әлемнің 148 елі кірген Дүниежүзілік бодибилдинг және жеңіл атлетика федерациясының (WBPF) ұсынуымен 4-5 маусым аралығында республикалық бодибилдинг және фитнес федерациясы Қазақстанның кезекті чемпионатын өткізді. Нәтижесінде ең мықты спортшылар мен фитнес модельдері Азия мен Әлем чемпионаттарына қатысуға мүмкіндік алды.
[caption id="attachment_144223" align="alignnone" > ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Өкінішке қарай, шекарадан өту барысында тиісті құжаттарды уақтылы рәсімдей алмаған Орталық Азия елдерінен шақырылған спортшылар сайысқа қатыса алмады. Соған қарамастан жарыс сәтті өтті. Өйткені жиналғандардың қолдап-қолпаштауы арқасында халықтың мұндай жарысты сағынғанын көрсетті. Турнирдің салтанатты ашылуында Федерация басшылығы бодибилдинг пен мас-рестлигаға қосқан үлесі әрі жетістігі үшін үздік жаттықтырушыларды, спортшыларды құрмет грамоталарымен марапаттады.