KAZLOGISTICS: біз 40-тан астам елге тасымалдауды жүзеге асырамыз, басқа елдермен салыстыру мүмкіндігі бар
KAZLOGISTICS: біз 40-тан астам елге тасымалдауды жүзеге асырамыз, басқа елдермен салыстыру мүмкіндігі бар
153
оқылды

"KAZLOGISTICS" Қазақстан көлік қызметкерлері одағының автотасымалдаушылары әлемнің 40-тан астам еліне, оның ішінде ақылы жүйесі бар жолдар арқылы тасымалдауды жүзеге асырады.

Жолдарда жүру үшін ақы алу - әлемдік тәжірибе. Мысалы, Ресейде 2013 жылы ақылы жолдар пайда болды, қазір жүк көлігі үшін төлем мөлшерлемесі 1 шақырымға 7 – ден 55 теңгеге дейін, Беларусьте бағалар жоғары – 47-ден 77 теңгеге дейін, мұнда да ақылы жол 8 жыл бұрын енгізілген, Түркияда жүк көліктері 60 теңге, ал Қытайда 1 шақырымға 70 теңге төлейді. Украинада биылғы жылы ғана ақылы жолдарды енгізу жоспарлануда, ал мөлшерлеме бірден 1 шақырымға 72 теңге болып белгіленіп отыр.

«KAZLOGISTICS» 40-тан астам елге жүк тасымалдайды. Көптеген елдің аумағынан өтеді. Ақылы жолдар сапасы мен төлемін әлемде бар тәжірибе болғандықтан, онымен бетпе-бет кездесеміз. Сондықтан Қазақстанда ақылы жолдар сапасы мен төлемі тиісті деңгейде деп сеніммен айта аламын", - деді "KAZLOGISTICS" бас директоры Ерлан Абсатов.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда да Ресейдегі сияқты ақылы жолдар 2013 жылы ақылы «Нұр-Сұлтан - Щучинск» жолы іске қосылғанда енгізілді. Бір шақырым көліктің салмағаны қарай 5- 25 теңге аралығындағы тариф сол кезде бекітілді. Қазір 682 шақырымдық төрт учаскеге ақылы жүйе енгізілген. Жолдардан түскен қаржы сол учаскелерді күтіп-ұстауға жұмсалады. Бұл жол сапасына және жол бойындағы сервиске оң әсерін тигізеді. Биыл елімізде кезең кезеңімен тағы бірнеше бағыт бойынша жолдарға ақылы жүйе енгізіледі. Жүйе алғашы кезеңде реконстуркциядан өткен бірінші санаттағы жолдарда іске қосылады. Олар Батыс Еуропа – Батыс Қытай - «Қайнар – Тараз», «Тараз – Шымкент», «Шымкент – Түркістан – Қызылорда», «Шымкент – Ташкент», сонымен қатар «Қапшағай – Талдықорған», «Нұр-Сұлтан – Павлодар», «Ақтау – Жетібай – Жаңаөзен», Нұр-Сұлтан, Карағанды, Павлодар жолдарының айналмасы.

Тарифтер бұл ақылы жол үшін өзгеріссіз қалады. Елде басқа елдермен салыстырғанда тарифтер төмен екенін айта кеткен жөн. Аталған учаскелермен жүретін шетелдік тасымалдаушылар жолдарды тегін пайдалануда. Ал біздің тасымалдаушылар өзге елдерде жолды жоғары тарифпен пайдаланып келеді. Мысалы Ресейде ақылы жолдар тарифі бір шақырым үшін 7-55 теңге аралығында, Белоруссияда 47-77 теңге аралығында, Қытайда бір шақырым жол құны – 70 теңге.

Биыл жаңғыртудан өткен бірнеше бағыттағы жолға ақылы жүйе енгізіледі, алайда тариф бағасы өзгерізсіз қалады. «KAZLOGISTICS» Қазақстан транспорттаушылар кеңесінің бас директоры Ерлан Абсатовтың айтуынша, елімізде ақылы жолдар сапасы мен тарифі тиісті деңгейде. Қазір мемлекет, бизнес және тасымалдаушылар арасында жолдардың инфрақұрылымы мен сервисті жақсарту бойынша келіссөздер жүргізілуде.

"KAZLOGISTICS" -Қазақстанның көлік компанияларының одағы, көлік-логистикалық кешеннің барлық түрлерінің, оның ішінде теміржол, автомобиль, су көлігі, азаматтық авиация және көлік логистикасы ұйымдарының, қауымдастықтарының және одақтарының 570 өкілінен тұратын 58 мүшесі бар.