Фейк немесе шындық: негізсіз ақпараттар кімге керек?
Фейк немесе шындық: негізсіз ақпараттар кімге керек?
168
оқылды

Қазақстандағы радиофобия. Жалпы әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі хабарламаларға қаншалықты сенуге болады? Олардың шын-өтірігін тексересіз бе? Мәселен, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ұялы байланыс антенналары зиянды сәуле шығарады, коронавирус таратады, адамның миын айналдырып, оларды чипке байлап, бағындырмақ секілді ақпарат өте көп. Осының анық-қанығын білесіз бе?

Мысалы, байланыс антенналарынан тарайтын сәуле адамды ауруға шалдырады. Тіпті, әр жаңа технология адам баласына  әртүрлі ауру әкеледі дегенге қалай қарайсыз?  5G желісі жұмыс істейтін желінің 60 ГЦ жиілік диапазоны ағзамен резонанс тудырады және қандағы оттегі молекулалары күйінің өзгеруіне әрі  иммундық жүйенің әлсіреуіне әкелуі мүмкін. Олардың айтуынша, осыған байланысты оттегі қандағы гемоглобинмен байланыса алмайды, сөйтіп оттегі жетіспей қалады. Сондай-ақ идеяны жақтаушылар байланыс бүкіл ағзаның әлсіреуіне әсер етеді және әртүрлі аурудың инфекциядан онкологияға дейін әкелуі мүмкін. Бұл – фейк. Оған негіз болған аңыз.  1918 жылы шошқа тұмауы тарап кетті – сол кезде конспирологтар оны радионың шығуымен байланстырды. 2003 жылы SARS-тың таралуын 3G желісінің енгізілуімен түсіндірді, ал 2009 жылы шошқа тұмауының таралуын 4G желісінің енгізілуімен байланыстырды. 5G желісі шыға салысымен аңыз қайта шықты.  Шындығында, осы уақытқа дейін байланыс технологиялары мен ауру арасындағы байланыс ғылыми тұрғыда бірде бір рет дәлелденбеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) байланыстың жұмыс қағидаты мен оның адам ағзасына әсері толық жазған бюллетень  бар.  Әдетте мобильді байланысқа қазір бос тұрған жиіліктерді береді. Жиіліктің артуы әрекет ететін радиусына байланысты. Жиілік жоғары болған сайын, толқынның ұзындығы қысқа және таралу көзінен алыстаған сайын әлсірей түседі. Өткені байланыс антеннасынан тарайтын сәуле қысқа толқынды пештің, телефонның немесе радиостанцияның тарататын сәулесінен аспайды. Бұл фактіні ДДСҰ деректері де растайды. [caption id="attachment_144301" align="alignnone" width="1024"]ақпарат ақпарат[/caption]

         Тағы бір жағдайды еске алайық... Бір кездері Алматыдағы радиофобияның салдарынан біреу антенналарды бұзып, кейбір үйлердің тұрғындары байланыссыз қалған еді. Сол уақытта 2020 жылы мобильді байланыс мұнаралары COVID-19 коронавирус инфекциясын таратады деген қауесет шықты. Әрине, байланыстың жаңа мұнаралары, әсіресе 5G коронавирустың таралуына әсер етеді. Негізгі дәйек – вирус 5G байланыс желісінің жиіліктерімен таралады. Мұнара орнатылған жерде вирус бірден пайда болады. Соның бәрі халық арасында науқас санының көбеюіне әкелді деп сенді енді бірі. Бірақ жаңа вирустың шығуы – бесінші буын желісінің енгізілуімен сәйкестік. Соған орай дүрбелеңнің жаппай көріністері де алғаш рет 2020 жылы көктемде Ұлыбританияда басталды. Сол кезде елде қастандық теориясы кең таралып,  танымалдар жандардың бірі коронавирус пен 5G желісінің байланысын растайтын жазбаны әлеуметтік желіде тарата бастады. Осының бәрі кейбір елді мекендегі байланыс станцияларын бұзуға әкелді. Арасында станцияларды өртегендер де болды. Шындығында,  ДДСҰ деректеріне сәйкес, вирус радиосигналдармен немесе мобильді байланыс толқындарымен таралмайды. COVID-19 індеті көптеген елде, тіпті 5G түгілі, 4G мен 3G тартылмаған елдерде де таралуда. COVID-19 ауа арқылы, яғни тыныс алу жолдары арқылы жұғады. Мысалы: жөтелгенде, түшкіргенде немесе сөйлескенде. Сол себепті көптеген елде маска режимі енгізілген еді.

Ал адамды басқару үшін оларға чип салынады деген хикаяға сенесіз бе? Тіпті, 5G миға теріс әсер етеді дегенге не дейсіз? Бас ауруы, көңілсіздік, жаппай қадағалау үшін басқару – мобильді байланысқа таңылып жатқан сипаттардың аз ғана бөлігі. Кейбір конспирологтордың айтуынша, антенналар мен жерсерік желілері арқылы адамдарға құпия түрде чип салуда. Олардың пікіріне сүйенсек, осының бәрінің артында Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс тұр. Ол 5G байланысы арқылы Жер бетіндегі бүкіл адамға электронды чип салуды жоспарлап отыр-мыс. Осының бәрі адамдарды басқарып, халық санын азайту үшін жасалып жатқан дүние. Адамдарға чип салынған соң 5G қосылады да, сол арқылы бізді америкалық суперкомпьютер «жыртқыш» басқарады екен. Ал негізінде вакцинация арқылы чиптеу және кейіннен қадағалау идеясы коронавирус індеті басталған соң пайда болған. Шындығында вакцинацияда «чиптеу» қағидаты бар, бірақ адамдарға ешқандай чип салынбайды. Вакцинаның мәні – ағза вируспен күресуі үшін және нақты қауіпке қарсы тұруға дайын болуы үшін, адамға вирустың зиянсыз «үлесін» салу. Жалпы, вакцинациядан соң адамдарды 5G арқылы басқару және қадағалау мүмкін емес. Сондықтан жаңа дүниеден қорқу – қалыпты жағдай, бірақ одан қашудың қажеті жоқ. Жаңа технологиялар өмірімізге бәрібір енеді, «қауіпті» автомобильдер немесе ұшақтар енген сияқты. Тәжірибе көрсеткендей, адамдар біртіндеп оларға да үйренеді.