Біртановқа қатысты сұратқан құжаттарды уақытында бермегені үшін ДСМ-ге айыппұл салынды
Біртановқа қатысты сұратқан құжаттарды уақытында бермегені үшін ДСМ-ге айыппұл салынды
116
оқылды

Экс-министр Елжан Біртановтың адвокаты Серік Сағалиев қажетті дәлелдерді жинау кезінде Денсаулық сақтау министрлігі кедергі жасағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, әкімшілік соттың шешімімен экс-министрге қатысты сұратқан құжаттарды уақытында бермегені үшін ведомствоға 40 812 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Адвокаттар қорғау қызметіне кедергі жасау фактісі бойынша Әділет департаментіне арыз түсірген. Сол шағым негізінде хаттама әзірленіп, әкімшілік сотқа жіберілді. 7 маусымда мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Денсаулық сақтау министрлігін кінәлі деп танып, әкімшілік шара қолдануға шешім қабылдаған. Еске сала кетейік, бүгін мамандандырылған ауданаралық тергеу сотында экс-министр Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін ұзарту мәселесі қаралды. Прокурор соттан бұрынғы министр Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 2021 жылдың 14 шілдесіне дейін созуды сұрады. Одан бөлек, мемлекеттік айыптаушы Елжан Біртановты үйқамақта ұстау жағдайын күшейтіп, жақын туыстарынан басқа адамдармен сөйлесуіне тыйым салуды, сондай-ақ медициналық ұйымдармен байланысуды есепке алмағанда, оның үйден шығуына тыйым салуды сұрады.