Дәрігерлер мен диетологтар газдалған сусынның миға қандай зияны бар екенін айтты
Дәрігерлер мен диетологтар газдалған сусынның миға қандай зияны бар екенін айтты
185
оқылды
Дәрігерлер мен диетологтар газдалған сусындардың миға қандай зияны барын айтты.  Eat this, not that басылымы атап өткендей, кофеин қосылған газдалған сусынды көп тұтыну салдарынан адамда тәуелділік пайда болуы мүмкін, – деп жазады Лента.ру. Америкалық диетолог Бриттани Любектің айтуынша,  газдалған сусын құрамындағы кофеинді үнемі тұтыну мидағы химиялық өзгерістерге әкелуі мүмкін.  Ал британдық дәрігер Крис Айри кофеині бар газдалған сусын ұйқыға  зиян келтіретінін ескертеді. Кофеині жоқ газдалған сусын да зиянды болуы мүмкін. Америкалық трофолог (тамақтану ғылымдарының маманы) Эмили Э. Нобл бала кезінде газды сусынды көп ішкен адамдардың кейінірек есте сақтау қабілеті бұзылуы мүмкін деген қорытынды жасады.