Алмазбек Атамбаевтың жағдайы ауыр: адвокат түсініктеме берді
Алмазбек Атамбаевтың жағдайы ауыр: адвокат түсініктеме берді
Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты шұғыл түрде ауруханаға жатқызу керек. Бұл туралы оның адвокаты Замир Жоошев хабарлады. Адвокаттың айтуынша, Атамбаевтың бұрынғы ауруы асқынған, инфаркт алуы мүмкін, – деп жазады 24.kg. Бірақ бір ай бұрын тағайындаған сот-медициналық сараптаманың қорытындысы әлі шықпады. Адвокат 148 парақ медициналық тарихының көшірмесі судьяларға берілгенін, соған сәйкес сараптама тағайындалғанын атап өтті.
"Алмазбек Атамбаев кешенді емдеуге жатқызылуы тиіс. Ол емді колонияда ала алмайды. Біз оны ауруханаға жатқызу үшін санкцияны үйқамаққа өзгертуге бірнеше рет өтініш жазғанбыз. Бірақ келісім бермей жатыр", – деді Замир Жоошев.
Алмазбек Атамбаевқа қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалып, қаңтарда Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті тергеу изоляторынан колонияға ауыстырылған еді.