9 маусымға арналған ауа райы болжамы

Кей жерде жаңбыр, бұршақ жауады, жел күшейеді. Синоптиктердің болжамынша, бүгін оңтүстік циклон Қазақстандағы ауа райына әсер етеді.

Сондықтан найзағай ойнап, жаңбыр, кей жерде бұршақ жауады, дауыл соғады.

Солтүстікте түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерінде шаңды дауыл соғады, желдің жылдамдығы 15-23 м/с-қа жетеді. Түркістан облысында дауылды жел күндіз 26 м/с-қа дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында қатты жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с-қа жетеді, күндіз кей жерде бұршақ жаууы ықтимал.

Қарағанды облысында дауыл соғады, бұршақ жауады, күндіз жел 15-20 м/с-қа күшеюі мүмкін.

Ақмола, Алматы облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с-қа күшейеді, күндіз Ақмола, Алматы облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл, Ақтөбе, Павлодар, күндіз Қостанай облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Күндіз Жамбыл облысының басым бөлігінде, Алматы облысының кей жерінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерінде, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында өрт қаупі өте жоғары.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.